$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көбі менімен жұдырықтасуға келіспейді»: боксшы Ангелина Лукас мәлімдеме жасады

Ол өз кезегінде кез келген боксшымен шаршы алаңға шығуға дайын екенін айтты

«Көбі менімен жұдырықтасуға келіспейді»: боксшы Ангелина Лукас мәлімдеме жасады
Фото: angelina_lukas1997/ Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Бангкоктағы кәсіпқой бокс кешінде таиландтық Кадесара Джадпакдиді жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy боксшының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Ассаляму алейкум баршаңызға, құрметті қазақстандықтар! Бүгін мен кәсіпқой мансабымда жетінші жеңіске қол жеткіздім және өте қуаныштымын, осы жеңісімді сүйікті еліме арнағым келеді! Қазір мен мансабымның қиын кезеңінде тұрмын, қарсыластармен өте қиын, көбі менімен жұдырықтасуға келіспейді. Маған Бангкогта Кадесара Джадпакдиге қарсы жекпе-жек өткізуді ұсынған кезде (рекорд 7-3-0) біз бұл туралы ойландық, өйткені қарсыластың туған жерінде жекпе-жек өткізудің белгілі бір қаупі бар», - деп жазды ол.

Десе де Ангелина Лукас абсолют әлем чемпионы болғысы келетінін жасырмады. Сол үшін де қарсылас таңдамай, бәрін, тіпті олардың отанында да жеңіске жетуге дайын екенін айтты.

«Кәсіпқой бокста әлсіз адам болмайды, бір секундта бәрі өзгереді, бір соққы бәрін шешеді! Бұл мен үшін өте маңызды жеңіс және тек нокаут немесе нокдаун арқылы жеңіске жетуім керек екенін білдім, әйтпесе жеңіс маған берілмейді. Мен мұны істедім, оны нокаутқа түсірдім және жеңдім! Ал бұл жеңіс елім үшін, сіздер үшін, алыста жүрсем де, қолдауларыңызды сездім! Бәріне рақмет! Абсолют әлем чемпионы титулы үшін тек алға!», - деп жазды Ангелина Лукас.

Серіктес жаңалықтары