29.02.2024, 09:35
Жаңалықтар
Терроризмді насихаттады деген күдікпен шымкенттік тұрғын ұсталды – ҰҚК
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, терроризмді насихаттады деп күдіктелген адам 28 ақпанда ұсталды.

«Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды