28.02.2024, 22:47
Жаңалықтар
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды
Тізімде ведомство мен аумақтық бөлімше жетекшілері, олардың орынбасарлары бар
Коллаж: Azattyq Ruhy
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қызметін лайықты деңгейде атқармаған құтқарушыларға шара қолданылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Қызметтік тексерістен кейін Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тізімде ведомство мен аумақтық бөлімше жетекшілері, олардың орынбасарлары бар.
Бұған дейін министрлікте жер сілкінісі кезіндегі құтқарушылар жұмысының басты олқылықтарына талдау жасалып, негізгі кемшілік - төтенше жағдай уақытындағы ұйымдастырушылық шаралардың әлсіз жүргізілгендігі айтылған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды