«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты тергеу басталды – ҚМА
Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр
Атырауда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті өңірлің прокуратураның үйлестіруімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.