Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұм - 41 жастағы ШҚО тұрғыны

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдар саны 11-ге жетті деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Coronavirus2020.kz порталының мәліметінше, ШҚО тұрғыны COVID-19 вирусынан көз жұмған. Ол 1979 жылғы азамат.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 972 адамға жетті. Барлығы 11 адам аталған дерттен қайтыс болған.