Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ
Алматыдан 263 км қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жер сілінісін сейсмикалық стансалар желісі 26 ақпанда Астана уақыты бойынша 07:28-де тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, афтер сілкініс. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,3. МПВ магнитудасы - 5,2», - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.