Ауа райына байланысты 4 облыстағы 12 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 401 бірлік техника мен 727 адам жұмылдырылған
Ауа райына байланысты 4 облыстағы 12 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай ауданы – жалпы ұзындығы 153 шақырымды құрайтын 3 жолда көлік қозғалысы шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 3 жол учаскесінде дизельді және қоғамдық көліктер қозғалысы шектелді:
1. «Алматы-Өскемен» тасжолы - Шығыс Қазақстан облысы шек. - Қалбатау ауылы.
2. «Өскемен-Семей» тасжолы – Шығыс Қазақстан облысы шек. - Семей қ.
3. «Омбы-Майқапшағай» тасжолы - Шығыс Қазақстан облысы шек. - Бұғаз ауылы.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының -45°С дейін төмендеуі, қар көшкіні қаупіне байланысты барлығы 1238 км болатын 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша;
(қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған көліктер үшін)
2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнары» тасжолы - Берел ауылынан Рахман қайнары санаториясына дейін.
(көліктердің барлық түрлері үшін)
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты):
1. «Жезқазған-Петропавл» тасжолы - Ұлытау обл.шек. - Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі):
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау ауылынан - Қостанай обл.шек.
(барлық көлік түрлері үшін).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 401 бірлік техника мен 727 адам жұмылдырылған.