22.02.2024, 16:58
Жаңалықтар
Мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісі: ҰҚК пікір білдірді
Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектетілді.
«Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылды», - деп атап өтті ҰҚК өкілдері.
Көлік жолдарының ашылуына байланысты жекелеген бағыттарда:
- Қазақстан-Қырғыз учаскесі («Қарасу» өткізу пункті);
- Қазақстан-Өзбекстан учаскесі («Тәжен», «Қазығұрт» өткізу пункттері);
- Қазақстан-Ресей учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.
Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс жасайтынын хабарлады.
Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.
Көп оқылған
23.05.2026, 06:23
Пойыздағы апат: үстіне лас шу шашыраған жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
23.05.2026, 07:33
Найзағай мен үсік: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
23.05.2026, 08:19
Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды
23.05.2026, 10:01
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
23.05.2026, 10:38
Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты
23.05.2026, 11:03
Қарағандыда тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ мүшелері сотталды