Қостанай облысында аязда бұзылған шетелдік автобустың 60 жолаушысы құтқарылды

Аяз -40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр

Қостанай облысында аязда бұзылған шетелдік автобустың 60 жолаушысы құтқарылды
Видеодан кадр / "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Қостанай облысында жол қызметкерлері ішінде аязды күні жолда бұзылып қалған шетелдік автобустың 58 жолаушысын құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» баспавсөз қызметі хабарлағандай, Қостанай облысында бірнеше күннен бері тұрақсыз ауа райы сақталып тұр.

Аяз -40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр. Өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескермеген көліктердің жанармайлары қатып, аккумуляторы отырып қалған жағдайлар көп.

«Республикалық маңыздағы М-36 "Екатеринбург-Алматы" күре жолындағы пайдалану учаскесінің қызметкерлері бүгін жолаушылар автобусын қаһарлы аяздан құтқарып қалды.  
Өзбекстаннан Ресейге бағыт алып, жолда тоқтап қалған автобустың ішінде 58 азамат болған. Жолшылар тез арада автобусқа жаңа аккумулятор жеткізіп, жылытып, оларға сапарларын жалғастыруға көмектесті», - делінген хабарламада.

Абырой болғанда, медициналық көмекті қажет еткен, зардап шеккен адамдар жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.