Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

Автор: Аманалина Тоғжан

Осылайша, халықтың дайындық деңгейін арттыру көзделген

Фото: pixabay.com

23 ақпанда жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады. Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты - жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру. ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

23 ақпанда жоспарланған жалпы республикалық сейсмикалық жаттығуды сапалы өткізу мақсатында Абай облысы ТЖД қызметкерлері барлық деңгейдегі білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде және басқа да ұйымдарда оқу-жаттығулар өткізуге жауаптылармен нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізді. Іс-шара аясында «дабыл чемоданның» құрамы көрсетілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жадынамалары таратылып, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Еске салсақ, 22 ақпанда түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ