$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы Тұран даңғылының бір бөлігі 20 күнге жабылады

Соған сәйкес бірнеше қалалық автобустардың бағыты өзгереді

Астанадағы Тұран даңғылының бір бөлігі 20 күнге жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 2024 жылдың 21 ақпаны мен 9 наурызы аралығында негізгі даңғылдардың бірі саналатын Тұран даңғылы жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты» Орынбор мен Бағланова көшелерінің аралығындағы Тұран даңғылының бойындағы көлік қозғалысы 20 күнге жуық уақытта екі бағытта да жабылады.

«Іргелес аумақтарға тиісті жол белгілері орнатылып, бағдаршамдардың жұмыс режиміне түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, ақпараттық таблолар орнатылды. Баламалы бағыт - Айтматов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы», - делінген хабарламада.

Елорда әкімдігі белгіленген мерзімде кептелістерді азайту мақсатында Қабанбай батыр даңғылының бойында автобус жолақтарымен қозғалысқа уақытша рұқсат етілгенін, олардың бойында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін есепке алу өшірілетінін атап өтті. N26, 27, 40 қалалық автобустардың бағыттары өзгерді.

«Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден өте сақ болуды және жолын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Жаяу жүргіншілер де абай болу керек», - деп қосты Астана әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары