Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр
Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар 36 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасына сәйкес, 21 ақпан сағат 07:00-дегі жағдай бойынша шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.
Абай облысы:
Жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі).
- Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін).
Ақмола облысы:
Жалпы ұзындығы 118 км 3 автожол -(Павлодар және Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты).
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» - Ерейментау қаласы-Павлодар облысы;
- «Екатеринбург-Алматы» - ПВП Жібек жолы-Қарағанды облысы қаласы.3. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» - Қарағанды облысы Қабанбай батыр ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)
Шығыс Қазақстан облысында:
7 учаске жалпы ұзындығы 1238 км. (ауа-райының төмендеуі).
- Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
- Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Берел-Рахмановские қайнарлары ауылы.(барлық көлік түрлері үшін).
Жетісу облысында:
2 учаске, жалпы ұзындығы 158 км - (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
- «Алматы-Өскемен» - Үшарал қ.-Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
- «Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін).
Қарағанды облысында:
6 учаске, жалпы ұзындығы 1397 км.(ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде).
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарағанды қ-Абай обл. шек.;
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» - Ақмола обл. шек. - Теміртау қ.
- «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды қ -Павлодар обл. шек.
- Ұлытау обл. шек. – Топар ауылы;
- «Екатеринбург-Алматы» - Ақмола обл. шек. - Теміртау ААП, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, ААП Теміртау-Қарағанды қ, Новостройка ауылы Балқаш қ.;
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» - Павлодар обл. Шек. Ботақара а. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Қостанай облысында:
1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
- «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін).
Павлодар облысында:
1 учаске, жалпы ұзындығы 1624 км 9 автожолда.(ауа-райының төмендеуі).
- Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін).
Ұлытау облысында:
2 учаске жалпы ұзындығы 543 шақ - (Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде).
- «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай обл.- шек Ұлытау а. (барлық көлік түрлері үшін) , Жезді ауылы - Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін);
- «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл шек - Жезқазған қ. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 222 бірлік техника және 276 жолшы жұмылдырылды.