Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп
Астаналық оқушылар бүгін де қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 21 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген таратылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда оқушылары бірнеше күн қатарынан қашықтан оқу форматына көшірілген.