21.02.2024, 06:25
Жаңалықтар
Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған доллар сатпақ болған тұрғын сотталды
Ол сот шешімімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Фото: © freepik.com
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған доллар сатпақ болған. Ол сот шешімімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.
«Ол азамат 100 долларлық банкнотпен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды», - делінген ҚМА таратқан ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды