$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұңғымадағы өрт: Маңғыстауда мұнай компаниясына 350 млн теңге айыппұл салынады

Тексеру қорытындысы бойынша 4 әкімшілік хаттама жасалды

Ұңғымадағы өрт: Маңғыстауда мұнай компаниясына 350 млн теңге айыппұл салынады
Фото: instagram.com/mangystau_ecology_department

Маңғыстау облыстық экология департаменті Қаратұрын кен орнындағы ұңғыманың жану фактісі бойынша «Бузачи Нефть» ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Департамент өкілдері хабарлағандай, 2024 жылдың қаңтарында жоспардан тыс жүргізілген тексеру қорытындысында мамандар метанның ауада 480 есеге, шамадан тыс артқанын анықтады.

«Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін сақтау бойынша ремедиация бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы нұсқама берілді», - делінген хабарламада.

4 әкімшілік хаттама жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша айыппұл 350 млн теңгеден асады.

Еске салсақ, 2023 жылғы 9 маусымда ұңғымада бұрғылау құбырын көтеру кезінде өрт шығып, табиғи газ 200 күн бойып жанып тұрды.

Серіктес жаңалықтары