Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 18 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Петропавл, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.