$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында прокурордың талабын орындамаған әкім орынбасары айыппұл арқалады

Оған салынған айыппұл көлемі – 370 мың теңге

Ақмола облысында прокурордың талабын орындамаған әкім орынбасары айыппұл арқалады
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында әкімнің орынбасары прокурордың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, Қосшы қаласының прокуратурасымен бюджеттік заңнаманы бұзу бойынша прокурордың ұсынуына уақтылы жауап бермегені және прокурорды, оның қаралатын уақыты мен орны туралы хабарламағаны үшін әкімнің орынбасары жазаға тартылған.

«Оған ҚР Әкімшілік кодекстің екі бабы (ӘҚБтК-нің 664 және 666-баптары) бойынша 370 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес прокурорлық қадағалау және ден қою актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті.

Лауазымды тұлғаның прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыруы не онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы, сонымен қатар уақтылы жауап бермеуі (ӘҚБтК-нің 664-бабы), 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары