17.02.2024, 17:43
Жаңалықтар
Қарағанды облысында жоғалып кеткен малшы 3 күннен бері табылмай жатыр
Бүгін оны іздеуге «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан малшы табылмай жатыр. Іздеу жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
17 ақпанда ТЖД қызметкерлері, малшының туыстары, полиция қызметкерлері мен еріктілер қыстаудан Бестамақ ауылына қарай жолға шығып, хабарсыз кеткен ер адамды әлі іздеп жатыр.
Еске сала кетейік, ол 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, содан қайтып оралмаған.
Бүгін оны іздеуге «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Сондай-ақ ТРЭКОЛ көлігі және қарда жүретін көлікке мінген жоқ іздегендер жоғалған адамның көлігінің ізіне түсіп, солтүстікке — Бестамаққа қарай аттанды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті