17.02.2024, 15:36
Жаңалықтар
Жетісу облысында 58 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған
Фото ашық дереккөзден
Жетісу облысы прокурорлары мемлекетке құны 170 млн теңгеден асатын 58 мың гектардан астам жерді қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мысалы, Алакөл ауданында құны 90 млн теңге болатын 43 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.
Қаратал ауданында құны 84 млн теңгеден асатын тағы 15 мың гектар жайылым жері бар.
Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер мемлекетке қайтарылды.
Алдағы уақытта жер учаскелері тиімді пайдалану үшін кезекте тұрған тұлғаларға беріледі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
