Операция бірнеше өңірде жүргізілмек
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады», - делінген хабарламада.
Комитет өткізілген іс-шаралардың нәтижесі жақын күнде жарияланады деп қосты.