Көкшетауда құбыр жарылып, 20-ға жуық үй сусыз қалды

Azattyq Rýhy

Апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Көкшетауда құбыр жарылып, 20-ға жуық үй сусыз қалды
Бейнеден кадр

Көкшетауда су құбыры жарылып, 20-ға жуық үй судан ажыратылды. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктен мәлім еткендей, апат Ақан сері, 172 мекенжайында орналасқан «Табыс» дүкені аумағында болған.  Алдын ала анықталғандай, тозығы жектен шойын құбыры жарылған. Апат орнында қала әкімі Бауыржан Ғайса жүр.

«Апаттың салдарынан су құбыры желісі бойындағы Ақан сері-Елемесов көшесі д-300 мм, Ақан сері-Ғабдуллин д-200, Ақан сері-Пушкин д-50 мм қақпа клапандары жабылып, Ақан сері көшесінің Елемесов көшесінен Пушкин көшесі аралығында орналасқан 20-ға жуық көппәтерлі тұрғын үй судан ажыратылды. Апат орнында «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мамандары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына барлығы 5 адам мен 5 техника жұмылдырылған», - деп түсіндірді қалалық әкімдіктен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.