Олардың арасында екі бала мен бір жүкті әйел болды
Жетісу полицейлері мен құтқарушылары «Сарыөзек-Көктал» автожолында «қарлы» тұтқыннан 67 адамды эвакуациялады, олардың арасында екі бала мен бір жүкті әйел болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Аяз, көктайғақ және боранмен бірге жүретін өңір аумағындағы ауа-райының күрт өзгеруі автокөлік иелеріне көптеген қиындық тудырды. Мұндай жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметтерімен бірлесіп автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда. Алайда, қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа-райына қарамай жолға шығып, өздеріне және өз жолаушыларының өміріне қауіп төндіретіндер де бар», - деп атап өтті ПД ППБ взводының командирі Думан Сенгірбаев.
Жүргізушілер полицейлерге, құтқарушыларға және жол қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.