Ол полицейлерге ұятты сөздер айтқан видеосын әлеуметтік желіге таратып жіберген
102 нөміріне қоңырау шалып, полицейлердің атына анайы сөздер айтып, жала жапқан атыраулық анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Атырау ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«102 операторына хабарласқан азамат өзін екі тәртіп сақшысының қарауылдап, соның кесірінен әжетханадан шыға алмай отырғанын айтады. Артынша түрлі ұятты сөздер айтып, видеоны әлеуметтік желіге таратып жіберген. Анайы, әрі жалған сөздерді желіге таратқан 35 жастағы азамат анықталып, ұсталды», - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлерінен кешірім сұраған бейнежазбасында қылығын мойындаған азаматқа ӘҚБтК 478 бабының 6 бөлігімен хаттама толтырылды. Ол сот қаулысымен 15-тәулікке қамауға алынды.