$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2020, 18:28
Жаңалықтар

Алматы облысында 2,5 мыңға жуық медицина қызметкері үстемақы мен сыйақы алады

Облыста медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі комиссия құрылды

Алматы облысында 2,5 мыңға жуық медицина қызметкері үстемақы мен сыйақы алады
Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай режимі жағдайында Алматы облысының әкімдігі облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі комиссия құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Облыстың денсаулық сақтау басқармасы жұқтыру қаупі топтарына сәйкес COVID-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімін анықтады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан денсаулық сақтау ұйымдарының 1448 қызметкеріне, оның ішінде 205 дәрігерге, 882 орта медициналық қызметкерге, 361 кіші медициналық қызметкерге еңбекақы төленді», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар облыс әкімінің қаулысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 1 023 медицина қызметкеріне, оның ішінде 178 дәрігерге, 528 орта медициналық қызметкерге, 317 кіші медициналық қызметкерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.

Серіктес жаңалықтары