Республика бойынша жазылғандар саны 68-ге жетті
4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, деп жазады coronavirus2020.kz.
«Қазақстан бойынша жазылғандар саны 68-ге жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 34, Алматы қаласы – 28, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 859 адамға жетті.