$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2020, 14:55
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі «ТШО» компаниясының жетекшілерімен шұғыл жиын өткізді

Теңіз кен орнында жұмыс істейтін 9 адамнан COVID-19 анықталған еді

Атырау облысының әкімі «ТШО» компаниясының жетекшілерімен шұғыл жиын өткізді
Фото: facebook.com/erzhantolek

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ТШО» компаниясының жетекшілері және тиісті құрылым басшыларымен шұғыл жиын өткізді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ТШО» компаниясының жетекшілері және тиісті құрылым басшыларымен шұғыл жиын өткізді. Себебі, Теңіз мұнай кен орнына қарасты Ватернас вахталық жатақханасынан коронавирус жұқтырған тағы 9 адам анықталған болатын. Олар бірнеше күн бұрын аталған инфекцияны жұқтырған 50 жастағы әйелмен жақын байланыста болғандар. Сол күні оларды оқшаулап, дереу анализдері алынған еді», - деп жазды ол.

Ержан Төлектің айтуынша, вирустың жаппай таралмауына жол бермеу үшін Жылыой ауданы бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 8-сәуірден бастап «Ватернас» 14 күнге карантинге жабылған.  

«Жұқтырғандармен жақын және жанама байланыста болғандар алдын ала арнайы дайындалған 109 орындық карантиндік стационарға орналастырылды. Облыс басшысы  «ТШО» компаниясының жетекшілерімен тиісті органдарға біріге отырып сақтық шараларын арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді», - деп жазды Ержан Төлек.

Серіктес жаңалықтары