Осы күнге дейін 62 адам қамауға алынды, 113 адамға айыппұл салынды
Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 267 тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«11 сәуірге дейін Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 291 фактісінің жолын кесті. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 266 тәртіп бұзушылық тіркелді. 62 адам қамауға алынды, 113 адамға айыппұл салынды, 36 ескерту жасалды, 48 материал сотқа жіберілді, 7 тоқтатылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 25 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 10 адам қамауға алынды және бір материал сотқа жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Полиция өкілдерінің айтуынша, азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері де кездесуде. Мұндай тәртіп бұзушылықтардың 16-сы анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 адамға айыппұл салынды және 10 материал сотқа жіберілді.