$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2020, 13:43
Жаңалықтар

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының 12 қызметкері COVID-19 жұқтырды

Олардың арасында екі дәрігер және 10 мейірбике бар

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының 12 қызметкері COVID-19  жұқтырды
Фото: ria.ru

Соңғы деректерге сәйкес, Алматы қаласында қауіпті індетті жұқтырған 14 адам анықталған. Осылайша Алматыда барлығы коронавирусты жұқтырудың 137 жағдайы тіркелді.

Соңғы тіркелген ​13 науқас инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған, біреуі шетелден жұқтырып келген. Оның ішінде 11 әйел және үш ер адам бар.

Инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 108 жағдай (біреуі облыстан) науқас жатыр, оның ішінде 4-і бала. 80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 7 адам – ауыр, 21 ересек адамның жай-күйі ауырлығы орташа дәрежеде, біреуі облыстан. Оның 12-і қалалық стационарда жұмыс істеген  қызметкер. Олардың арасында екі дәрігер және 10 мейірбике бар.

​Екі адамның жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты ауыр деп бағалануда. Қалғандардың барлығында – қанағаттанарлық.

​«Өкінішке қарай, жұқтырғандар арасында науқастарға көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлері бар. Біз тұрғындардан үрейленбеуді сұраймыз! Аталған санаттағы адамдар карантинге қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарды. Олар алдыңғы қатарда, ауру қаупі бар аймақта тұрған алғашқы адамдардың бірі. Олар пациент мұқтаж болған кез-келген жағдайда көмек көрсетті. Олар кез келген адамнан, оның ішінде симптомсыз тасымалдаушыдан да жұқтыруы мүмкін еді. Қазіргі уақытта эпидеомологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде.​ Жағдай қаланың Жедел штабының бақылауында. Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгілі бір шаралар атқарылуда. Олармен байланыста болған барлық адам іздестіріліп, карантинге орналастырылатын болады», – деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Жаңадан анықталғандардың ішінде 2000 жылы туған жас жігіт пен Куалу-Лумпур рейсімен ұшып келген 24 жастағы қыз бар.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы.

Серіктес жаңалықтары