$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аяз, көктайғақ, бұрқасын: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Аяз, көктайғақ, бұрқасын: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еліміздің шығысында қатты қар жауып, бұрқасын болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 9-14 м/с жетеді. Күндізгі температура -25 -27°C болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Күндізгі температура +11 +13°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндізгі ауа температурасы +18 +20°C болады.

Серіктес жаңалықтары