Ақтөбе тұрғынына боранды күні жолға шыққаны үшін айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам көлікті тоқтатуға тырысқан полиция қызметкеріне бағынбаған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Ақтөбе тұрғынына боранды күні жолға шыққаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Мәртөк аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолайсыз ауа-райына қарамастан елді мекеннен тыс жерге кетіп қалған ер адамға 110 760 теңге айыппұл салынды. Сол күні боран болғандықтан облыс аумағындағы жолдар жабылған.

Сонымен қатар, ер адам көлікті тоқтатуға тырысқан полиция қызметкеріне бағынбаған. Сотта ол кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.