14.02.2024, 15:44
Жаңалықтар
Тоқаев Қатар әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

«Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды», - делінген хабарламада.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды