14.02.2024, 15:59
Жаңалықтар
Ауа райына байланысты 13 өңірде тасжолдар жабылды
Қысқы жолды күтіп ұстауға 1481 жолшы жұмылдырылды
Фото ашық дереккөзден
«ҚазАвтоЖол» АҚ еліміздің 13 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.
Атап айтқанда:
- Абай облысында – 6 учаске;
- Ақмола облысында – 2 учаске;
- Ақтөбе облысында – 5 учаске;
- Алматы облысында – 1 учаске;
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске;
- Жамбыл облысында – 1 учаске;
- Жетісу облысында– 1 учаске;
- Қарағанды облысында – 9 учаске;
- Қызылорда облысында – 3 учаске;
- Павлодар облысында – 5 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске;
- Түркістан облысында – 2 учаске;
- Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.
Көп оқылған
28.02.2026, 12:13
Ақтөбеде оқушы қыз жүкті болып қалған: қылмыстық іс қозғалды
28.02.2026, 14:48
Интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері пайда болды – Бас прокуратура
28.02.2026, 20:04
Ирандағы шабуыл: Әли Хаменейдің «көзі жойылды»
28.02.2026, 16:47
Көктемнің алғашқы күнінде ауа райы қандай болады
28.02.2026, 17:16
Елімізде жүргізуші куәлігін беру тәртібі күшейтілді
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған