Алматыда індет жұқтырған екі адамның жағдайы ауыр
Қалада корнавирус жұқтырғандардың жалпы саны 128 адамға жетті
11 сәуір таңертең Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 5 жаңа жағдай тіркелді. Қалада корнавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 128 адамға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz жазды.
«5 жаңа жағдай бұған дейін COVID-19 жұқтырған жергілікті науқастармен байланыста болған адамдардан анықталды. Олардың екеуі – әйел, үшеуі – ер адам. Екі ер адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланды. Қалған пациенттердің жағдайы – қанағаттанарлық. Олармен байланыста болған барлық адам іздестірілуде, карантинге жатқызылады», - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде инфекциялық стационарда КВИ-мен ауырған 99 адам (1 облыстан) жатыр. Оның ішінде 4 бала бар. 71 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 7-еуікі - ауыр, 21 пациенттің жағдайы – орташа ауыр (біреуі облыстан). Коронавирус инфекциясынан 28 пациент сауығып, ауруханадан шығарылды. 2 науқас көз жұмды.
Мегаполистің уақытша орталықтарында 138 адам бар, олардың 9-ы – балалар, 368-і – карантиндік оқшаулауда, 5334 адам – үйде.