09.02.2024, 14:17
Жаңалықтар
Демалыс күндері кей өңірде 28 градусқа дейін күн суытады
Синоптиктер 10-11 ақпанға болжам жасады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанға скандинавиялық циклонның әсері тек дүйсенбіге қарай аяқталуы мүмкін. Біртіндеп атмосфералық қысым жоғарылай бастамақ.
«Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°, түнде -20...-28° дейін аяз болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің оңтүстік жартысында ауа райы жылына түседі. Дегенмен жел соғып, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді