09.02.2024, 13:59
Жаңалықтар
Қазақстанда республикалық маңызы бар 48 жол бөлігі жабылды
Шектеу ауа райының қолайыздығына байланысты енгізілді
Фото ашық дереккөзден
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
- Абай облысында – 1 учаске;
- Ақмола облысында – 14 учаске;
- Ақтөбе облысында – 5 учаске;
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;
- Қарағанды облысында – 5 учаске;
- Қостанай облысында – 7 учаске;
- Қызылорда облысында – 1 учаске;
- Павлодар облысында – 4 учаске; Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;
- Ұлытау облысында – 1 учаске.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 бірлік техника және 864 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді