Қатты боран, қалың қар: бүгінгі ауа райы болжамы қандай
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді

Синоптиктер 9 ақпанда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Скандинавия жақтан келген кең ауқымды циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, қатты боран соғып, бұрқасын болады.
Ақмола облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса өте қатты жел соғады.
Астанада 9 ақпанда бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таңертең кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы күндіз 5-7°C жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 15-17°C жылы болады.