Батыс Қазақстанда 12 ауыл жарықсыз қалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысында 10-нан астам ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 ақпан күні сағат 02:30-да Теректі ауданы әкімдігінен 12 елді мекенде апаттық жағдайда электр желісінен ажыратылғаны жөнінде хабар түскен.

«Теректі ауданында барлығы 1 160 абонент жарықсыз қалды. Қазіргі кезде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС күшімен (14 адам, 9 техника) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан. 

Өңірде боран мен күшті желге байланысты электр желісі үзіліп, жол қатынасы қиындағаны жөнінде басқа да аудандар тұрғындарынан хабарлар түсіп жатыр.