$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дүйсенова Ажар Ғинияттың жұмысына қатысты пікір білдірді

Ол экс-министр дәрігер ретінде жақсы жұмыс істегенін айтты

Дүйсенова Ажар Ғинияттың жұмысына қатысты пікір білдірді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова экс-денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың дәрігер ретінде жақсы жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

Осы ретте журналистер бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің қызметінен кетуіне «МӘМС-тегі былықтар себеп болды ма?» деп сұрады.

Тақырыпқа орай: Президент бірыңғай медициналық пакет жүйесін жасауды тапсырды

«Ажар Ғиният дәрігер ретінде жақсы жұмыс істеді. Әрине, МӘМС жүйесінде біраз мәселе бар. Оның тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер болып жатыр», - деп айтты Премьер-министрдің орынбасары.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Асхат Аймағамбетов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан бастамаларына қатысты пікір білдіре отырып, МӘМС моделін толық қайта қарау қажеттігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары