$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 40 шетелдік азамат анықталды

Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған

Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 40 шетелдік азамат анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полициясы заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы мен көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде Іле ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонынан Өзбекстан Республикасының 40 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.

«Көрші елдің азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып, аталған қоқыс полигонында заңсыз еңбек еткен. Шетелдік азаматтар жеке басын анықтау үшін Іле ауданы ПБ-ға жеткізілді. Олардың жеке басы анықталғаннан кейін, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», – деді Алматы облыстық полиция бастығы Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары