Берік Уәли Үкімет басшысының тағайындалу тәртібі туралы пікір білдірді
Конституцияға сәйкес Президент «Amanat» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды
Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысының қалай тағайындалатыны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Берік Уәлидің айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
«Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады», - дейді Берік Уәли.
Ол сондай-ақ сәрсенбіде, 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды.