Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған ер адам екі айға қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған ер адам екі айға қамауға алынды
Фото: astanatv.kz

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталғандай, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған.

«28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ», – делінген сот ақпаратында.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.

Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген. Жүргізушінің айтуынша, ер адамға жедел жәрдем көлігін тұраққа қойғаны ұнамай қалған. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.