$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды

Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша, 24 - 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындаған күдікті екі азаматты ұстады.

Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды. 

Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған. Ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін жүзеге асырып, Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сатуына жол бермеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары