02.02.2024, 16:25
Жаңалықтар
«Жарылғыш зат байлап алған»: Түркияда белгісіз біреу 7 адамды кепілдікке алған
Ол аспанға тапаншамен 3 рет оқ атқан
Стамбұлдың іргесіндегі Кожаелиде белгісіз ер адам зауыт ғимаратына кіріп, 7 қызметкерді кепілдікке алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның қолында тапанша мен бомбаға ұқсас зат бар. Ер адам қабырғаға «Газа үшін» деп жазып қойған. Зауыт америкалық компанияға тиесілі екен. Ғимаратты қоршауға алған полиция қаскөйді берілуге үгіттеп жатыр. Кепілдегі адамдардың туыстары да жиналған.
«Кепілдікке алынған туысымыз үшін қатты алаңдап тұрмыз. Қаскүнем денесіне жарылғыш зат байлап алған. Тапаншамен аспанға 3 рет оқ атқан», - деді олар.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
