«Жалған автокөлік несиелерін рәсімдеген: Қызылордада 235 адамды алдаған күдікті ұсталды

Күдікті 10 жылға сотталуы мүмкін.

«Жалған автокөлік несиелерін рәсімдеген: Қызылордада 235 адамды алдаған күдікті ұсталды
Фото: freepik.com

Қызылордада азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдеп берумен айналысқан адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«30 қаңтар күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды. Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдегендігі анықталған», - делінген ведомство хабарламасында.

Аляқтық әрекеттен 235 адам зардап шегіп, оларға келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құраған.

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, Қаржауов қазіргі уақытта Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалған. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.