01.02.2024, 10:40
Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті
Ол ЕЭК алқасының төрағасы ретінде жұмысын бастады
Фото ашық дереккөзден
1 ақпаннан бастап 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Естеріңізге сала кетейік, ЕЭК алқасының төрағасы бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев болып табылады», - деп хабарлады ЕЭК.
ЕЭК Алқасының мүшелері (министрлері):
- ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;
- ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян;
- ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолұлы;
- ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;
- ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов;
- ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Әлішеров;
- ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев;
- ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;
- ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады