31.01.2024, 17:31
Жаңалықтар
Арман Жүдебаев Жүргенов атындағы академияның ректоры болып тағайындалды
Ол бұған дейін Мәдениет вице-министрі лауазымында болды
Фото: primeminister.kz
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымдық қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Академия ұжымына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Ербол Әлиқұлов таныстырды.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2006 жылы "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
- 2009-2011 ж.ж. — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.
- 2011-2013 ж.ж. — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
- 2013-2018 ж.ж. — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ бас дирижері.
- 2018-2023 ж.ж. — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
- 2023-2024 ж.ж 30 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі болып қызмет атқарды.
Көп оқылған
23.02.2026, 15:59
Үйіне алдап шақырған: БҚО-да ер адам кәмелеткен толмаған қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді
23.02.2026, 12:49
Қымызды көп ішіп қойыпты: Павлодарда Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы ұсталды
23.02.2026, 17:10
Олимпиада - 2026: көш басында тұрған АҚШ пен Норвегия өз спортшыларына бюджеттен қаражат бөле ме
23.02.2026, 13:59
Астана маңынан 2035 жылға дейін жер телімін беруге тыйым салынуы мүмкін