$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда шығатын газет-журнал саны қаншаға жетті – статистика

Басылымдардың әрқайсының қағаз ғана емес, сандық нұсқасы да бар

Қазақстанда шығатын газет-журнал саны қаншаға жетті – статистика
Фото ашық дереккөзден

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді. 1991 жылмен салыстырғанда БАҚ саны 350 есеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Вдеомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, осыдан 33 жыл бұрын Қазақстанда тек 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал шығарылса, қазір олардың саны 3985-ке жетті. Басылымдардың әрқайсының қағаз ғана емес, сандық нұсқасы да бар.

Министрлік баспа журналистикасын қолдау бойынша бірқатар шара қабылданып жатқанын мәлімдеді. Мәселен, «Қазпошта» АҚ-мен баспа басылымдары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында газеттерді қолдау бойынша бірлескен бірнеше шаралар бар.

2023 жылдың мамыр айынан бастап Post.kz мобильді қосымшасы іске қосылды, онда қазақстандықтар отандық және шетелдік басылымдарға жазылуды рәсімдей алады.

Сонымен қатар министрлік Kaspi Bank-пен бірлесіп қосымша арқылы газеттер мен журналдарға онлайн жазылу kaspi.kz бойынша жұмыс ұйымдастырды.

«2024 жылы газетке 360 612 жеке тұлға және 7 687 заңды тұлға жазылған», - делінген министрлік хабарламасында.

Республиканың өңірлері мен ірі қалаларында баспа БАҚ тарату бойынша 400 газет дүңгіршегі, супермаркеттер және ірі дүкендердегі жеке сауда нүктелері, «Қазпошта» АҚ-ның 2645 қалалық және аудандық пошта байланысы бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

Журналистердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары