Көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысында– 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек– 59 км.
Түркістан облысында – 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к. – 59 км.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылдырылды.