Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
Көлік қозғалысына шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілді

2024 жылғы 31 қаңтар сағат 00:10-дағы ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында - 3 учаске
- "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 км.
- "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 км.
- "Алматы-Өскемен" 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады
(қар, ауа температурасының төмендеуі).
Жамбыл облысында - 2 учаске
- "Алматы-Ташкент-Термез" 143-238 км, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 км.
- "Алматы-Ташкент-Термез" 159-212 км, Кенен а.-Қордай а. - 53 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады
(Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
Қызылорда облысында - 1 учаске
- "Самара-Шымкент" 1802-2055 км, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
(Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).
Түркістан облысында - 1 учаске
- "Самара-Шымкент" 2055-2082 км, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
(Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).