Елде ауыр індеттен барлығы 18 279 адам көз жұмған
Италияда коронавирус жұқтырған тағы 4 204 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. Ауыр індеттен барлығы 18 279 адам көз жұмған
Бүгінде бұл елде COVID-19 вирусын жұқтырған 143 626 адам тіркелген.
Соңғы тәулікте ауруханаларда 610 адам вирустың кесірінен көз жұмған. Жаңадан жазылып шыққандар 1 979 адам. Жалпы аурудан айыққандар саны 28 470-ке жетті.